Жапон миллиардері SpaceX-пен Айға ұшпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапон миллиардері SpaceX-пен Айға ұшпақ

18.09.2018

Space X компаниясының кемесімен әлемде Айға ұшатын тұңғыш туристтің есімі жарияланды. Ол -  жапониялық миллиардер Юсаку Маэдзава. Илон Масктың фирмасы осы адаммен келісімшартқа қол қойған. Әзірге, Маэдзаваның бұл сапар үшін қанша ақша төлейтіні белгісіз. Бір анығы - ол өзімен бірге ғарышта саяхаттауға 8 әртісті шақырмақ.

Бұрын барабаншы болып, кейін интернетте сәнді киім сатумен айналысқан магнат Жердің табиғи серігіне 2023 жылы аттанады. 4-5 күн ішінде ол Айды айналып өтіп, ғарышқа тереңдей еніп, Жерге қайта оралады.

Тарихта Айға 24 адам барған екен. Солардың ең соңғысы 1972 жылы ұшыпты.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу