Илон Маск Техаста жаңа қала салып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илон Маск Техаста жаңа қала салып жатыр

03.03.2021
Илон Маск Техаста жаңа қала салып жатыр

Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала салып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Техаста Старбэйз (Starbase) қаласын салып жатырмын», - деп жазды ол.

Масктің айтуынша, жаңа қаланың аумағы SpaceX ғарыш айлағы орналасқан Бока-Чика елді мекенінен едәуір үлкен болады. Сондай-ақ онда иттерге жағдай жасалады және оның жетекшісін «дож» деп атамақ.

Дереккөз: ria.ru

Фото: Reuters

Илон Маск

Хабарламаларға жазылу