Берлин Сирияның химиялық қару қолданғанына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлин Сирияның химиялық қару қолданғанына қарсы

12.09.2018

Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельдің мәлімдеуінше, Берлин Сирияның химиялық қару қолданғанына бей-жай қарай алмайды. Бұл туралы ол Бундестагта өткен парламент отырысында ескертті. Канцлердің мәлімдеуінше, мұндай арсеналды пайдалану халықаралық конвенцияға қайшы келеді. Сонымен қатар, Меркель Сириядағы жағдайды бақылай келе, әскери интервенциядан да бас тарта алмайтынын жеткізді.

Айта кетсек, Германия экономикасының қуаты жағынан әлемдегі төртінші ел.

Биылғы сәуір айында Америка Құрама Штаттары, Франция және Ұлыбритания әскері Сирияның қазіргі билігіне қарсы шара қолданған кезде, Берлин ол әскери операцияға қатыспай қалған еді. Дегенмен, енді жағдай өзгеретін тәрізді.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

-Халықаралық конвенция бұзылып, химиялық қару қолданылып жатса, Германия бұған бей-жай қарап отыра алмайды. Біздің жауабымыз әрдайым еліміздің конституциясына және парламенттік міндеттемелерге сай болады. Әлемде болып жатқан қиын жағдайға «жоқ», «біз білмейміз», «біз ештеңе істемейміз» деп жауап қата алмаймыз.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу