Саудиялық ханшайымның бұйымдары ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саудиялық ханшайымның бұйымдары ұрланды

11.09.2018

Саудиялық ханшайымдардың бірі Францияда 800 еуроның әшекей бұйымдарынан айырылды. Мұны жергілікті полиция хабарлап отыр.

Оқиға Париждің «Ритц» отелінде болған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, ұрылар бағалы заттарды әзірге аты аталмаған ханшайымның шабаданынан алып кеткен. Дегенмен, тонаушылар қонақ үй бөлмесіне бұзып кірмепті. Ал, құнды бұйымдар сейфте сақталмаған. 

Айта кетсек, биыл қаңтарда Франция астанасында миллиондаған доллардың алқалары, білезіктері, жүзіктері, сырғалары қолды болған-ды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу