Швецияда сайлауда ұлтшылдардың позициясы күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда сайлауда ұлтшылдардың позициясы күшейді

10.09.2018

Еуропаның ең либералдық мемлекеті – Швецияда жексенбі күні өткен парламенттік сайлауда ұлтшылдар басымдық байқатып, елді саяси тығырыққа тіреп отыр. Алдын ала мәліметке қарағанда, анти-иммигранттық «Швед демократтары» партиясы 19 пайыздан астам дауыс жинады. Ал, оңшыл-центристік партиялар альянсын электораттың  40 пайызға жуығы қолдаған.  Осылайша, ұлтшылдар бірігіп үлкен күшке айналып отыр. Дегенмен, 39,4 пайыз дауыс жинаған биліктегі социал-демократтар үкімет басшылығынан кетпей, қарсылас партияларды саяси ынтымаққа шақырды.

«Швед демократтары» партиясы позициясының күшеюіне 2015 жылы Еуропаны жайлаған миграциялық дағдарыс себепші. Сол кезде Швеция жан басына шаққанда Таяу Шығыс пен Африкадан келген босқындарды ең көп қабылдап, бұл мемлекетте нәсілшілдік бой көрсете бастады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу