Кимнің өліміне қатыс іс әрі қарай тергеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кимнің өліміне қатыс іс әрі қарай тергеледі

16.08.2018

Малайзияның Жоғарғы соты Солтүстік Корея лидерінің ағасы Ким Чен Намның өліміне қатысты істі әрі қарай тергеу туралы шешім шығарды. Бүгінгі мәжіліс қорытындысы бойынша, Индонезия азаматшасы Сити Айсиа мен вьетнамдық Доан Тхи Хуонг - негізгі күдіктілер санатында. Егер Кимді өлтіргендері расталса, екі әйел өлім жазасына ілігіп, дарға асылуы мүмкін.

Сот процесі жеті ай бұрын басталды. Осы уақыт ішінде 30 шақты куәгерден жауап алынған.

Ким Чен Нам 2017 жылы ақпанның 13-де Куала-Лумпур әуежайынан  ауруханаға кетіп бара жатқанда қайтыс болды. Оның бетіне жүйкені зақымдайтын зат шашылды деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу