Қызылорда облысында мұнайшы цистернаға құлап қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында мұнайшы цистернаға құлап қаза тапты

15.04.2022

Қызылорда облысындағы кен орындарының бірінде мұнайшы абайсызда қаза тапты. Қайғылы оқиға өндірістегі жұмыс барысында болған. 20 жастағы оператор маман қара алтын сақтайтын үлкен цистернаға құлап кеткен. Өкінішке қарай, жас жігітті аман алып қалу мүмкін болмапты. Қазір оқыс жағдайға қатысты «еңбек қауіпсіздігін сақтамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу