АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен 6 адам қаза тапты

02.08.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өртінен 6 адам қаза тапты. Тілсіз жаудан қираған ғимараттардың саны 1400-ден асқан. Шілденің 23-нен бері лаулап жанып жатқан өрттің қазірге 35 пайызы бақылауға алынды. Жалын 47 мың гектардай аумақты күлге айналдырған. Бұл жерлерден 38 мың тұрғын қауіпсіз орынға көшірілді. Өрт сөндірушілер қалған от ошақтарын жою үшін күресіп жатыр.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу