Оңтүстік Кореяның экс-президенті қосымша 8 жылға қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қосымша 8 жылға қамалды

20.07.2018

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хеге жаңа айыптар тағылып, сот оның жаза өтеу уақытын ұзартты. Сәуірде коррупция үшін 24 жылға сотталған бұрынғы мемлекет басшысы тағы 8 жылға қамалды.

Ол 2016 жылғы парламенттік сайлауға араласты және 27 миллион доллар көлемінде мемлекеттік қаражаттың жоғалуына қатысы бар деп айыпталып отыр. 66 жастағы Пак Кын Хе өзіне артылған кінәларды жоққа шығарып, бүгінгі сот отырысына қатысқан жоқ.

Естеріңізде болса, Оңтүстік Кореяда 2016 жылдың қазанында ірі саяси дау көтерілді. Бұған сол кездегі президент Пак Кын Хенің мемлекетті басқару ісіне құрбысы Цой Сун Сильді заңсыз араластыруы түрткі болған. Тергеу кезінде оның қаржылық алаяқтықтарға барғаны, қызметін асыра пайдаланғаны анықталды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ  

 

Хабарламаларға жазылу