Экс-президенттің құрбысы 3 жылға сотталды

23.06.2017

Оңтүстік Кореяның биліктен аластатылған бұрынғы президентінің құрбысы 3 жылға сотталды. Чхве Сун Силь мұндай жазаға билікті өз мүддесіне пайдаланғаны үшін тартылды. Дәлірек айтсақ, ол қызын оқуға түсіру үшін университет басшылығына қысым жасаған. Сонымен қатар, экс-президенттің ұзақ жылдық досы ірі компаниялардан пара алғаны үшін де сотталуы мүмкін.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу