Пәкістанда су тасқынынан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

04.07.2018

Пәкістанда соңғы 40 жылдағы ең күшті нөсер жауды. Лахор қаласында үздіксіз жауын соңы алапат су тасқынына ұласқан. Табиғи апаттан 6 адам қаза тапты. Тасқын көлік қозғалысын баяулатқан. Жүргізушілердің сөзінше, әдетте 5 минутта баратын жерге жауын кезінде жету үшін 1 сағаттан астам уақыт кеткен. Лахорға бір тәулікте 214 милиметр жауын-шашын түсті. Ауа райы мамандарының айтуынша, алдағы екі тәулікте бұдан да қатты көп жаңбыр жаууы мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу