Германияның Ішкі істер министрі қызметінен кетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның Ішкі істер министрі қызметінен кетпек

02.07.2018

Германия Ішкі істер министрі және бавариялық Христиан-әлеуметтік одағының төрағасы Хорст Зеехофер отставкаға кету мәселесін партиялық талқылауға ұсынғанын растады. Ол канцлер Ангела Меркельмен мигранттар проблемасында келісе алмай отыр. Зеефхофер шекарадағы бақылауды күшейтіп, елге босқындарды кіргізбеуге шақырды. Алайда, неміс үкіметінің басшысы мұндай позициямен келісер емес.

Болжамдарға қарағанда, екі жақ арасындағы дау биліктегі коалицияны ыдыратып, Германияны жаңа сайлау өткізуге мәжбүрлеуі мүмкін.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу