АҚШ-тың Калифорния штатында өрт қаулап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында өрт қаулап жатыр

02.07.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті тез тарап жатыр. Тілсіз жаудан 22 ғимарат қираған.  Тағы 600-ден астамын өрт шарпуы мүмкін. Жағдайды күшті жел мен ыстық ауа температурасы қиындата түсті. 3 мың адамға сыртпен байланысты үзу қаупі төніп тұр. Оларға көшу туралы ескерту жасалды. Өрт 3 мың гектардан астам жерге тараған. Жалынды сөндіруге 230-дан астам өрт сөндіруші маман, су бүркитін тікұшақ пен бульдозерлер тартылды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу