Никарагуада екі айға созылған қақтығыстардан 280 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Никарагуада екі айға созылған қақтығыстардан 280 адам қаза тапты

27.06.2018

Никарагуаның екінші ірі Леон қаласында шерушілер полициямен қақтығысты. Наразылық акциясына қатысушылардың айтуынша, оларға снайперлер винтовкалардан оқ жаудырған. Екі айдан астам уақытқа созылған демонстрациялардан 280 адам қаза тауып, 1500-і жараланған.

Бұл елде 1990 жылы аяқталған азаматтық соғыстан кейінгі көп қан төгілген тәртіпсіздіктер болып отыр. Шерушілердің басты талабы - кедейшілікті бастан кешіп отырған елді 40 жылдай басқарған социалистік лидер Даниэль Ортеганың биліктен кетуі. Халық билік ұсынған реформаларды қолдамайтынын мәлімдеді. Оның ішінде, жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандыру қорларына төлейтін ақша көлемін өсіру туралы жоспары тұрғындардың ашу-ызасын туғызды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу