АҚШ-та мигрант балалар арнайы орталыққа қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та мигрант балалар арнайы орталыққа қамалды

19.06.2018

АҚШ-та ата-анасынан ажыратылған екі мыңдай мигрант бала арнайы орталықтарда қамалып отыр.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, соңғы уақытта Мексикадан Америкаға қоныс аудармақ болған заңсыз мигранттар легі өскен. Жаңа заңға сәйкес, жергілікті билік шекарадан заңсыз өткені үшін тек ересектерді ғана тұтқындай алады. Ал, олардың кәмелетке толмаған балалары жауапқа тартылмайды.

Сондықтан, жеткіншектер арнайы лагерьлерге жайғастырылған. Бұл шара «нөлдік толеранттылық» саясаты аясында қолданылып отыр.

Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Вашингтонның бұл әрекеттерін сынға алып, оны отбасы бүтіндігін сақтауға шақырды.

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу