Түркияда маусымның 24-де президенттік және парламенттік сайлау өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда маусымның 24-де президенттік және парламенттік сайлау өтеді

18.06.2018

Соған орай, мемлекет басшысы Реджеп Тайып Ердоған ауқымды митингте жақтастарымен кездесті. Оған жүздеген мың адам қатысқан. Бұл – үгіт-насихатқа арналған соңғы апта. Жексенбі күні халық президентті ғана емес, парламентті де сайлайды.

Сауалнама қорытындыларына қарағанда, Ердоған әзірге ең мықты кандидат болып тұр. Бірақ, егер сайлаудың екінші туры өтетін болса, оған қарсыласын жеңу оңай болмауы мүмкін.

Ердоғанның «Әділет және даму» партиясы 2002 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жетіп билікке келді. Содан бері ол кедей елді Еуропаның шығыс қанатындағы негізгі дамушы нарыққа айналдырды.

Айта кетсек, алдағы сайлау 2016 жылғы сәтсіз мемлекеттік төңкерістен кейін жарияланған төтенше жағдай режимі аясында өтейін деп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу