Никарагуада билікке қарсы демонстрациялар тоқтаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Никарагуада билікке қарсы демонстрациялар тоқтаған жоқ

29.05.2018

Наразылық акциясына студенттер қосылып, олар үкіметтік кеңселерді басып алуға ұмтылған. Ал, полиция шерушілердің жолын бөгемек болғанда қақтығыс басталды. Бұл орталық америкалық мемлекетте манифестациялар сәуірдің 18-нен бері жалғасып келеді.

Тұрғындар үкіметтің жұмыс берушілер мен еңбекшілердің табысынан әлеуметтік қорға бөлінетін ақша көлемін ұлғайту жоспарына қарсы. Сол кезден бері қарсылық акциялары барысында 77 адам қаза тауып, 800-ден астамы жараланған. Бұған қоса, адамдарды заңсыз ұстау мен азаптау, шеру туралы хабар таратқан журналистердің ізім-ғайым жоғалып кетуі тәрізді фактілер тіркеліп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу