Ресей қайықтан баллистикалық зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей қайықтан баллистикалық зымыран ұшырды

23.05.2018

Ресейдің «Юрий Долгорук» деген суасты қайығы «Булава» атты баллистикалық зымырандарды ұшырды. Сынақ Ақ теңіз жағалауындағы Камчатка түбегінің маңында өткізілген. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ол сәтті аяқталды.  Сондай-ақ, осы мекеме өкілдерінің сөзінше, су астынан бір сәтте бірнеше ракета алғаш рет ұшырылып отыр.

Айта кетсек, «Юрий Долгорук» субмарині 16 «Булава» зымыраны мен торпедолық қару тасымдай алады.

Ал, Украинада АҚШ-тан алынған «Джавелин» деген ракета жүйесі бірінші рет сыналды. Президент Петр Порошенконың сөзінше, бұл кешен Ресей Украина әскеріне шабуыл жасаған жағдайда ғана қолданылады.

ОБСЕ болса, Донбасстағы майдан шебінде қақтығыстардың күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу