Бүгін Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылады

14.05.2018

Таяу Шығыста шиеленіс күшейіп келеді. Өйткені, бүгін АҚШ Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіреді.  Сондай-ақ, Израиль өзінің 70 жылдығын атап өтпекші. 

Соңғы мәліметке қарағанда, палестиналықтар Вифлеемде шеруге шықты. Сонымен қатар, мұндай акциялар Газа мен Батыс жағалауда да өтіп жатыр. «Рейтердің» хабарлауынша, Израиль қауіпсіздік күштері ескерту қағаздарын таратып, көшелерге әскери техника шығарған, оқ атқан, газ шашқан. Бұған қоса, армия палестиналықтардан Израиль шекарасына жақындамауды талап етіп жатыр.

Ал, «Хамас» қозғалысы алдағы екі күнде еврей мемлекетіне қарсы ауқымды шеру өткізуге уәде берді.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу