Британдық «BT Group» 13 мың қызметкерді қысқартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британдық «BT Group» 13 мың қызметкерді қысқартады

11.05.2018

Британдық ірі «BT Group» телекоммуникациялық компаниясы алдағы үш жылда 13 мың жұмыс орнын жаппақ. Бұған табыстың азаюы себеп болып отыр.

2008 жылдан бергі ең ауқымды қысқартулар ең алдымен көмекші кеңселердің қызметкерлері және орта буын менеджерлері арасында жүргізіледі.

Бұдан бөлек, компания өзінің Лондондағы орталық кеңсесінен одан кішірек ғимаратқа көшуді жоспарлап отыр. Сөйтіп, осы шаралардың арқасында «BT Group» шығындарды 1,5 миллиард фунт стерлингке қысқартуды көздейді.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу