Арменияда жаңа премьер-министр мамырдың 1-де сайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда жаңа премьер-министр мамырдың 1-де сайланады

26.04.2018

Мұны бүгін Ұлттық жиналыс спикері Ара Баблоян хабарлады. Оның сөзінше, парламентте үкімет басшысын таңдау үшін арнайы мәжіліс өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұрынғы премьер Серж Саргсян сәуірдің 23-де мыңдаған адам қатысқан билікке қарсы шерулер нәтижесінде отставкаға кетті.

Соңғы мәліметке қарағанда, демонстрациялар бүгін қайта басталды. Ереван орталығындағы бірнеше көшеге бөгет қойған шерушілер өздерінің лидері Никол Пашинянды министрлер кабинетінің басшысы етіп тағайындауды тала етіп жатыр. Ал, биліктегі Республикалық партия мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге келіссе де, Пашинянды премьерлік постқа сайлау конституцияға қайшы деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу