Арменияда кейбір әскерилер оппозиция жағына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда кейбір әскерилер оппозиция жағына шықты

23.04.2018

Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті. «Никол Пашинянның айтқаны дұрыс, қателесіппін. Мемлекет басшысы және премьер-министр лауазымынан бас тартамын. Талаптарыңызды орындаймын. Елімізге бейбітшілік тілеймін», - дейді бүгін таратқан мәлімдемесінде Саргсян. 

Демонстрациялар мен марштар бүгін елдің барлық ірі қалаларында басталды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шерушілер автомагистральдарды бөгеп, ереуілдер жариялап, үкіметке қарсы ұрандар көтерді. Оппозиция лидері Пашинян тергеу изоляторынан босатылған. Сонымен қатар, оппозиция жағына жүздеген әскери қызметкер өтті. 

Арменияда наразылық акциялары сәуірдің 13-де басталды. Көшелер мен алаңдарға жиналған ондаған мың адам сәуірдің 17-де премьер-министр болып тағайындалып, іс жүзінде мемлекет басшылығына қайта келген Серж Саргсянның отставкаға кетуін талап еткен еді.

 

 Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу