Шетелдік ғалымдар пластикті жоятын фермент ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік ғалымдар пластикті жоятын фермент ойлап тапты

17.04.2018

Ұлыбритания және АҚШ ғалымдары пластикті жеп қоятын фермент ойлап тапты. Органикалық зат келешекте ластануға қарсы күресте көмектесуі мүмкін. 

Мұндай энзимдер полиэтилентерефталат деп аталатын пластикті қорытуға қабілетті. 1940 жылы патенттелген бұл материал бүгінде миллиондаған тонна пластик бөтелке жасауға қолданылып жүр. Ол жүздеген жылдар бойы ыдырамай, топырақ пен теңіздердің айтарлықтай көп аумағын ластап жатыр. 

Америкалық және британдық ғалымдар ферментке амин қышқылдарын қосу арқылы оның құрамын өзгертіп, пластикті жою қабілетін жылдамдатқан. Енді олар пайдалы энзимді өндірістік көлемде қолдану жолында жетілдіру жұмыстарын істеп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу