Аргентинада китті суға жіберу әрекеті жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада китті суға жіберу әрекеті жалғасып жатыр

10.04.2018

Аргентинада құтқарушылар жағаға шығып қалған китті қайта суға жіберу үшін күні-түні барын салып жатыр. Су жануарының теңізден шығып қалғанына екі тәуліктен асқан. Оқиға Мар-де-Плата қаласындағы Пунта-Моготес жағажайында болды. Құтқарушылар шамамен 3-4 жылдық, салмағы 10 тоннадай, ал ұзындығы 10 метр киттің үстіне шелектен су шашып, оның құрғап қалмауын қадағалауда. Киттің неліктен жағаға шығып қалғаны әзірге белгісіз. Экология жанашырлары жануардың қан сараптамасы мұның себебін анықтауға көмектеседі деп үміттенеді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу