Үкімет бірқатар халықты қолдау шараларын қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет бірқатар халықты қолдау шараларын қолға алды

10.04.2024

Су тасқыны басталған күннен Үкімет бірқатар халықты қолдау шараларын қолға алды. Әлеуметтік салаға жауапты министрлерден тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Бастауыш сынып оқушыларын ата-аналарымен бірге жазғы лагерьге жіберу жағы қарастырылды. 115 мың оқушы онлайн оқуға көшті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаториялық емдеу, түрлі әлеуметтік көмекті қайта тағайындау мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты. Тасқыннан зардап шеккендерге шығынды өтеуге өтініш беру үшін мобильді қосымша әзірленді. Сонымен бірге, Премьер-министрдің тапсырмасымен, үйлері тұруға жарамсыз деп танылған отбасыларды уақытша баспанамен қамту, мектеп, балабақша, ауруханаларды жөндеуге басымдық беру жұмыстары іске асып жатыр. Оқушыларды алдағы емтихандардан босату және апатты аймақтардағы мұғалімдер мен оқушыларды оқу құралдарымен қамту жұмыстары қолға алынған. Судың беті қайтқаннан кейін, аумақты тазарту, дезинфекциялық шараларды жүргізу міндеттелді. Суға кеткен малдың өлексесін жинап, тез арада өртеп жіберу тапсырылды. Сонымен қаржының мақсатты жұмсалуын бақылауға алынды.

 Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу