Қытайда кір жуғыш машинаға кептеліп қалған қыз бала аман-есен құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда кір жуғыш машинаға кептеліп қалған қыз бала аман-есен құтқарылды

09.04.2018

Қытайдың Чжоу-шань қаласында кір жуғыш машинаға кептеліп қалған кішкентай қыз бала аман-есен құтқарылды. Ол жасырынбақ ойнап жүріп, машинаның құрғатқыш бөлігіне кіріп кеткен екен. Баланы өздігінен шығара алмаған соң ата-анасы дереу полицияға хабарласқан. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер қызды шығару үшін кір жуғыш машинаны арамен кескен. Ата-анасы, көршілері және құқық сақшылары бірігіп, қызды 1,5 сағаттың ішінде алып шықты. Бүлдіршін ешқандай жарақат алмай, аман-есен құтқарылған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу