Мысырда президенттік сайлау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда президенттік сайлау басталды

26.03.2018

Бүгін Араб әлемінің ең ірі елі - Мысырда президенттік сайлау басталды. Жергілікті халық үш күн бойы дауыс береді. Болжамдарға қарағанда, онда қазіргі мемлекет жетекшісі әрі бұрынғы әскер қолбасшысы Әбдел Фаттах әс-Сиси күмәнсіз жеңіске жетеді. Мысырдың 63 жастағы лидері осыдан бірнеше сағат бұрын тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін дауыс беремін деп, жәшікке бюллетень тастады.

Бұл науқан наурыздың 28-де аяқталады. Алайда, ірі оппозициялық партия ұсынған кандидат оған қатысудан бас тартқан.

Мысырлықтардың көбі АҚШ-тың одақтасы – әс-Сисиді 2011 жылғы революциядан кейін елге тыныштық әкелген президент деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу