Кемерово қаласындағы өрт құрбандарының саны өсіп келеді

26.03.2018

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя Вишня» сауда орталығындағы өрт құрбандарының саны 48-ге жетті. Қаза тапқандардың аты-жөндері әлі белгісіз. Ал із-түзсіз жоғалғандардың тізіміне 16 адамның есімі енгізілген. Олардың арасында балалар да бар. Бұл турасында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Владимир Пучков мәлім етті.

Оның сөзінше, он сағаттан астам уақытқа созылған өртпен күрестен соң тілсіз жау ауыздықталды. Алайда, оттың ошағы әзірге анықталған жоқ. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетсек, бұл - құрбандар саны жағынан Ресейде соңғы 100 жылда болған ең үлкен өрттердің бірі.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу