Оңтүстік Корея. Фитнес-орталықтағы өрттен 23 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея. Фитнес-орталықтағы өрттен 23 адам қаза тапты

21.12.2017

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласындағы фитнес-орталықта өрт құрбандарының саны 23-ке жетті. Тағы 24 адам жараланған. Құтқарушылардың мәліметінше, алдымен от 8 қабатты ғимараттың жерасты паркингіндегі көлікте тұтанып, кейін бүкіл орталыққа тараған. Қаза тапқандардың денесі ғимараттың екінші қабатындағы саунадан табылған.

Қазір оқиға орнында 50-дей өрт сөндіруші мен 14 жедел жәрдем көлігі және 3 тікұшақ жұмыс істеп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу