Қонбай ұшатын алғашқы әуе рейсі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонбай ұшатын алғашқы әуе рейсі ашылды

26.03.2018

Лондоның «Хитроу» әуежайына Австралиядан Британияға қонбай ұшып барған алғашқы ұшақ қонды. «Qantas Airlines» компаниясына тиесілі лайнер 14 мың 498 шақырымды шамамен 17 сағатта бағындырған.

Рейске Boeing 787-9 Dreamliner әуе кемесі аттандырылды. Ол Boeing 747-ге қарағанда отынды азырақ жұмсайды екен.

Осы тікелей рейстің арқасында Батыс Австралия билігі туристік ағымның ұлғаятынына үмітті.

Айта кетсек, бұрын «Qantas»-тың Австралия мен Біріккен Корольдік арасындағы бірінші рейстері төрт күнге созылатын. Ұшақ жеті жерде аялдайтын еді.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу