Австралияда өрттен 70 үй мен 1 мектеп қирады
Австралияда орман өрті қаулап барады. Тілсіз жау жағалауда орналасқан Татра қаласындағы 70 үй мен 1 мектепті қиратқан. Адамдар дін аман. Алайда, лапылдаған жалын бұл жерді айтарлықтай шығынға батырды.
Татра - Сиднейден 430 шақырымдағы қалашық. Оның 700 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Олар қазір жақын маңдағы Бега қаласында өздеріне арнайы ашылған орталықтарда тұрып жатыр.
Оттың жан-жақты тез шарпуына күшті желден ұшқындаған шоқтар себепші. Өртті сөндіруге мамандар мен арнайы техника жіберілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11