Ресейде «Қанжар» әсіредыбысты зымыраны сынақтан сәтті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде «Қанжар» әсіредыбысты зымыраны сынақтан сәтті өтті

12.03.2018

Ресей ұшырған «Қанжар» әсіре дыбысты зымыраны «Ескендір» ракеталық кешенін жаңарту нәтижесінде пайда болды. Мұндай пікірді әскери сарапшылар айтып отыр.

«Қанжар» сенбі күні сынақтан сәтті өтті. Президент Владимир Путиннің сөзінше, ол өз жылдамдығын сағатына 12 мың шақырымға дейін үдетіп, ядролық және қарапайым оқтұмсықты 2 мың километрге дейін жеткізе алады.

Жаңа ракета МиГ-31 деген жойғыш ұшақтан жіберіліп, алғаш рет көпшілікке жақыннан көрсетілді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу