Стамбул көшелеріне мыңдаған адам шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбул көшелеріне мыңдаған адам шықты

09.03.2018
Стамбул көшелеріне мыңдаған адам шықты

Стамбулдың ең басты көшелерінің бірі Истикляль даңғылында көлік қатынасы тоқтады. Бұған себеп – ауқымды шеру. Мыңдаған адам осылайша Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандыларға көрсетілетін зорлық-зомбылыққа қарсылық білдірген. Наразылық акциясына әйелдермен қатар ер адамдар да жиналды. Шерушілер «Билік, менің денемнен қолыңды тарт» деген тәрізді жазулары бар баннерлер мен плакаттарды және туларды қолдарына ұстаған.  

Эбру Салдан, тұрғын:

- Біз тек бостандықты ғана қалаймыз. Бүгінде біздің еркіндігіміз шектелген. Тіпті, өз-өзімізді қорғайтын құқығымыз да жоқ.  Бұдан тек әйелдер ғана емес, балалар да зардап шегіп отыр.  

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу