Си Цзиньпин елді 2023 жылдан кейін де басқаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Си Цзиньпин елді 2023 жылдан кейін де басқаруы мүмкін

26.02.2018

Қытай Коммунистік партиясы президенттің билік ету мерзімін шектеуді тоқтатуды ұсынды. Осылайша, Си Цзиньпинге 2023 жылдан кейін де ел басқаруға жол ашылуы мүмкін.

Қытай конституциясында «президент пен вице-президент екі жыл қатарынан қызмет ете алмайды» деп жазылған. Енді бұл сөйлемді басты заңнан алып тастау көзделіп отыр.

Си Цзиньпин қазір 64 жаста. Ол Қытайды 1970 жылдары басқарған Мао Цзэдуннан кейінгі ең мықты лидер саналады. Сондай-ақ, оның саяси ілімі былтыр конституцияға енгізілді.

Си мырза екінші мерзімге наурыздың 5-де басталатын парламент жиналысында тағайындалады. Сидің мақсаты – Қытайды 2050 жылға дейін гүлденген, заманауи қоғамға айналдыру. Бірақ, кейбір сыншылар оның екі мерзімнен артық басшылық ету ниетін жеке басқа табыну жүйесіне құруға ұмтылыс деп бағалап отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу