Саакашвили Украинадан депортацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саакашвили Украинадан депортацияланды

13.02.2018

Михаил Саакашвили Украинадан депортацияланып, Польшаға жіберілді. Грузияның бұрынғы президенті және Украинаның Одесса облысының экс-губернаторы соңғы кездері ел президенті Петр Порошенконы жиі сынға алғаны үшін Киевтен қуылды. Саакашвили жергілікті уақытпен сағат 4-те ұшып, Варшаваға қонды. Польшада бұрынғы шенеунікті Украинамен жасалған келісім бойынша қарсы алып, өз территориясында қалдырды.

Осыған орай, Киевте ондаған адам шеруге шығып, оны қолдап, үкіметке наразылығын білдірді. Ал, Саакашвилидің өзі болса, бұл Украина билігінің әлсіздігінің көрінісі деп отыр. Соңғы деректер бойынша, экс-шенеунікті алдымен тікұшаққа мінгізіп, кейін самолетке күштеп отырғызған екен. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу