Украина астанасы Киевте жүздеген адам үкіметке қарсы шеруге шықты

08.11.2017

Демонстранттар әкімшілік үйінің алдына жиналып, парламент мүшелерінің отставкаға кетуін талап етті.  Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жетекшілік еткен наразы жұрт «сайлау жүйесін түбегейлі өзгерту керек» деп отыр. Олардың айтуынша, қазіргі үкімет басшылары халық үмітін ақтамады. Ауқымды митингке қатысушылар ту ұстап, үкіметке қарсы түрлі ұрандар айтып белсенділік танытты.

Айта кетсек, Саакашвили ел президенті Петр Порошенкоға қарсы осымен бірнеше шеру ұйымдастырып отыр. Ол Порошенко жемқорлық жасады, елде қажетсіз реформалар жүргізді деп шағымдануда.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу