Жапонияда аптап ыстықтан жүздеген адам жапа шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда аптап ыстықтан жүздеген адам жапа шекті

02.06.2014
Жапонияда аптап ыстықтан жүздеген адам жапа шекті
Жапонияда аптап ыстықтан 2 адам қаза тауып, 400-ден астам тұрғын ауруханаға түсті.
 
Жапа шеккендердің көбінің жүрегі сыр берген. Елдің метеорологиялық қызметі ыстық ауа райы апта соңына дейін сақталады, деп мәлімдеп отыр.
 
Осыған орай, дәрігерлер тұрғындарға күн көзіне көп шықпауға кеңес берді. Осы елде былтыр ыстықта 200-ден астам адам қаза тауып, 40 мыңға жуығы ауруханаға түскен.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу