АҚШ-та «Доу Джонс» индексі  күрт құлдырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та «Доу Джонс» индексі  күрт құлдырады

06.02.2018

АҚШ-та «Доу Джонс»  рекордтық деңгейге құлдырады. Бір күнде өнеркәсіптік индекс бірден 4,6 пайызға төмендеген. Бұл - 2011 жылдың тамызынан бергі ең төменгі көрсеткіш. «Доу-Джонспен» бірге АҚШ-тың өзге де қор индекстері  арзандады.  Бұл өзгерістен кейін инвесторлар Орталық банк пайыздық мөлшерлемені өсіреді деп алаңдап отыр. Елдің Федералдық резервтік жүйесі бұл шараға инфляцияны болдырмас үшін баруы мүмкін. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу