Байден халыққа өз командасын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден халыққа өз командасын таныстырды

25.11.2020

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден өз әкімшілігін жасқатап, командасын таныстырды. Ұлттық Қауіпсіздік кеңесіне енді вице-президент, бас хатшы, қауіпсіздік жөніндегі көмекшіден бөлек, климатты қорғау жөніндегі арнайы елші қосылды. Осылайша, Байден экология мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Жаңа құрамдағы топ, қаңтарда президент ант қабылдаған соң, қызметке кіріседі. Бұл жаңалықтан кейін америкалық қор нарығының көрсеткіштері күрт өсті. Өнеркәсіп саласындағы Доу-Джонс индексі алғаш рет 30 мың деңгейден асып түсіп, тарихи рекордқа жетті. Қордағы өзгерістерге коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы жетісітктері де ықпал етіп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу