Жапониядағы қарттар үйіндегі алапат өрттен 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониядағы қарттар үйіндегі алапат өрттен 11 адам қаза тапты

01.02.2018

Жапонияда қарттар үйінде алапат өрт шығып, 11 адам қаза тапты. 5 егде жастағы кісі құтқарылған. Оқиға Хоккайдо аралындағы Саппоро қаласында болды. Мұны «NHK» өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт кешке жергілікті уақытпен сағат 23:40 шамасында басталған. Лапылдаған отпен 40-тан астам маман арпалысып, бірнеше сағат жұмсады. Соңғы деректерге сүйенсек, қарттар үйінде бас-аяғы 16 қарт адам болды. Олар - 50-80 жас аралығында. Әзірге апатқа не себеп екені белгісіз. Мұны анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу