Испанияда қарттар үйіндегі өрттен 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда қарттар үйіндегі өрттен 6 адам қаза тапты

19.01.2022

Испанияның Монкада қаласындағы қарттар үйінде өрт шығып, 6 адам қаза тапты. 15 адам ауруханаға жеткізілген. 70 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау түнде басталып, екі сағатта сөндірілген.

Полицияның мәліметінше, сөндірілмеген темекі тұқылы немесе оттегі баллонынан шыққан ақау өртке себеп болуы мүмкін.  

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу