Үндістанда  21 миллион қыз болып туылған нәресте керексіз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда  21 миллион қыз болып туылған нәресте керексіз болды

30.01.2018

Үндістанда көптеген ата-ананың қалауы қыздың орнына ұлды дүниеге әкелу болғандықтан, 21 миллион қыз бала керексіз болып қалды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлім етті. Соңғы деректерге сүйенсек, үндістер ер бала туылғанша дейін қыздарды дүниеге әкелу тенденциясы жиілеп кеткен немесе нәзік жанды баладан құтылудың амалын іздейді екен. Мәселен, егер бала құрсақта жатқанда қыз екені анықталса, көптеген ана заңсыз болғанына қарамастан оған жасанды түсік жасатады. Сондай-ақ, соңғы жылдары осы проблемаға байланысты миллиондаған қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Бақылау жұмыстары барысында, бұл жағдай қоғамда баланстың, яғни, теңгерімнің жоғалуына әкеп соққан. Деректер бойынша, Пенджаб және Харьян штаттарында 1000 қызға 1200 ер бала келеді екен. Яғни, қоғамда жігіттер саны шамадан тыс асып барады. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу