АҚШ-тан Иорданияға бірнеше әскери тіқұшақ жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тан Иорданияға бірнеше әскери тіқұшақ жеткізілді

29.01.2018

Олар «Қара қаршыға» деп аталады. Бұл әуе машиналары елді «ДАИШ»-тан төнген қауіптен қорғау үшін қажет.

Тікұшақтарды қабылдау рәсімі Зарқа деген қала маңындағы әуе базасында өтіп, оған Американың және жергілікті әскерилер қатысты. Осылайша, Иорданияда мұндай маркалы техниканың жалпы саны 12-ге жетіп отыр.

Айта кетсек, Сирияда 2011 жылы соғыс басталғалы, Вашингтон бұл корольдіктің шекарасын қарулы топтардан қорғау үшін миллиондаған доллар қаражат жұмсады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу