Австралияда мыңдаған адам мереке күнін өзгертуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда мыңдаған адам мереке күнін өзгертуді талап етті

26.01.2018

Бүгін Австралияның Мельбурн қаласында 25 мың адам Австралия күніне орай көшеге шығып, мереке күнін өзгертуді талап етті. Мұндай акциялар елдің өзге аймақтарында да өтіп, оларға сан мың адам қатысқан.

Тарихқа жүгінсек, 1788 жылы қаңтарда алғаш рет ағылшын флоты Сидней айлағына жетіп, мұнда Ұлыбритания тәуелсіздігін жариялады. Содан кейін 30 жыл өткенде, бұл оқиға ұлттық мереке болып бекітіліп, аталы өте бастады. Бірақ, континенттің байырғы тұрғындары қаңтардың 26-сын «Басқыншылық» немесе ағылшындардың аборигендерді жерінен айырған күні деп есептейді.

Айта кетсек, Австралия  - Британ Достастығына мүше. Ресми түрде оның басшысы – Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екінші.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу