АҚШ вице-президенті Таяу Шығысқа барып, Иерусалимді Израиль астанасы деп атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ вице-президенті Таяу Шығысқа барып, Иерусалимді Израиль астанасы деп атады

22.01.2018

АҚШ вице-президенті Майк Пенс бүгін Таяу Шығысқа барып, Иерусалимді Израиль астанасы деп атады. Еврей мемлекетінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса, осы сөздерді алғаш рет екі лидердің көне қалада тұрып, айтқанын ерекше атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Құрама Штаттар президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп өткен айда жариялады. Сол үшін Ақ үй басшысы мұсылман елдерінің ғана емес, бүкіл әлемнің наразылығына тап болды. Оның орынбасарының бүгінгі мәлімдемесі де палестиналықтардың шамына тимей қоймасы анық.

Израиль Иерусалимді 1967 жылы толықтай басып алды. Ал, Палестина оның шығыс бөлігін өзінің болашақ мемлекетінің астанасы етуден үмітті.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу