Боливияда екі қаланы қосатын көпір құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда екі қаланы қосатын көпір құлады

27.12.2017

Боливияның Санта-Крус қаласында өзен арнасынан шығып, салдарынан көпір құлады. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, адамдар жолдың арғы бетіне өту үшін суды кешіп, арнайы құтқарушылар тартылып отыр. Көпір опырылған сәтте, кейбір көліктер тоқтай алмай өзенге құлаған. Әзірге нақты зардап шеккендердің саны белгісіз.

Айта кетсек, бұл Санта-Крус бен Бени қаласын қосатын басты көпір болатын.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу