Италияда екі жүк көлігі соқтығысып, көпір құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда екі жүк көлігі соқтығысып, көпір құлады

07.08.2018

Италияның Болонья қаласында екі жүк көлігі соқтығысты. Полицияның мәліметінше, апат кезінде 1 адам қаза тауып, 60-ы жараланған. Біріне-бірі түйіскен жүк көліктерінің бірі автомобильдер тиеген болса, екіншісінде жанғыш заттар болған. Апаттан кейін өрт тұтанып, жарылыс болып, жүк көліктері соқтығысқан көпірдің бір бөлігі құлады. От көпірдің астындағы машиналар паркіне тарап, ондағы бірнеше жеңіл көлік те өртеніп, жарылған. Қазір полиция апат болған жолдың бөлігін жауып, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу