Бали әуежайы ашылды
Индонезияның Бали аралында бірнеше күн бойы жабық тұрған әуежай ашылып, жолаушылардың кейбіреулері ұша бастады. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, қазір Агунг тауынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан әуежайда кейбір рейстер кестесі қалыпқа келді. Дегенмен, жергілікті билік жанартау маңындағы жолдарды қатаң бақылауда ұстап отыр.
Еске салсақ, таяуда вулканнан төнген қатер ең қауіпті дәрежеге жетіп, тау басынан 4 мың метрге дейін түтін мен күл будақтап көтерілген. 450-ге жуық рейс кейінге қалып, 59 мыңдай турист әуежайда тұрып қалды. Жанартаудан төнген қауіп күні бүгінге дейін сейілген жоқ.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04