«Восточный» айлағынан зымыран ұшырылды
Ресейдің Қиыр Шығысындағы «Восточный» ғарыш айлағынан бүгін «Союз-2» зымырантасығышы ұшырылды. Ракета орбитаға Жерді қашықтан бақылайтын «Метеор» спутнигінен бөлек, 18 шағын жерсерік апарады. Дегенмен, «Роскосмостың» мәліметінше, «Метеор» байланысқа шықпай қалған. Ал, өзгелері зымыраннан бірінен соң бір ажырауы тиіс.
Айта кетсек, былтыр сәуірде дәл осы космодром алғаш рет зымыран ұшырарда кабелінен ақау табылып, үш спутникті ғарышқа бірден жіберудің сәті түспеген. Сондай-ақ, сол шараға қатысқан Ресей президенті Владимир Путин вице-премьер Дмитрий Рогозин мен «Роскосмос» басшысы Игорь Комаровқа сөгіс жариялаған болатын.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18