Германияның Бонн қаласында халықаралық климаттық конференция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның Бонн қаласында халықаралық климаттық конференция басталды

06.11.2017

Осыған орай, мұнда қауіпсіздік шаралар күшейтілген. Жиынға әлем елдерінен барған экология белсенділері мен дипломаттар жиналды. Оның басты мақсаты - 2015 жылғы Париж климаттық келісімін іске асыру. Бұл құжат бойынша осы ғасырда пайдалы қазбалар дәуірін аяқтап, қайта қалпына келетін энегрия көздеріне көшу қарастырылған. Құжатты 195 мемлекет қолдады. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамп елді келісімнен шығаратынын және Құрама Штаттардың көмір мен мұнай өнеркәсібін дамытатынын мәлімдеді. Ақ үй басшысы ғаламдық жылу құбылысына адамның әрекеті себепші емес деп есептейді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу